ҚазақшаРусскийEnglish

Меню





0402000– «Дизайн», 0103000 «Дене тәрбиесі және спорт»  мамандықтарының

арнайы (шығармашылық) емтихандарының БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

 

           0103000 «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша оқуға түсуші  талапкерлер І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің қабылдау комиссиясы өткізетін шығармашылық (арнайы)емтихандарын тапсырады.Шығармашылық емтиханның ең жоғарғы ұпай саны 25-ке ,ал ең төменгісі 6 ұпайға тең.

0103000 «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығына арналған арнайы (шығармашылық) емтихан.

Спорттық көпсайыс

1.Жеңіл атлетика:

   1. Жүгіру-100 м.

   2. Жүгіру-1000 м.(қыз),3000 м (ұл)

   3. Ұзындыққа орнынан секіру.

2. Гимнастика:

1.      Кермеге тартылу.

2.      Ортекеден секіру.

Спорттық көпсайыстағы бір жаттығудың ең жоғарғы ұпай саны 5-ке, ал ең төменгі ұпай саны 1-ге тең.

Жаттығудың 5 түрінен ең жоғарғы ұпай саны 25-ке, ал ең төменгісі 6 ұпайға тең (жаттығулар мен нормативтер кестеде көрсетілген).

Бұл бағдарлама жалпы білім беру мектептерінің бағдарламасы, Президенттік сынақтар  негізінде жасалған.

0402000 «Дизайн» мамандығына арналған  арнайы (шығармашылық) емтихан.

0402000 «Дизайн» мамандығының талапкерлерінің шынайы сурет, кескіндеме, композицияның қарапайым негіздері бойынша  білімдері болуы керек. Бейнелеу негіздерінен сауаттылығын пайдалана отырып, қоршаған ортаның формалары мен түстерінің көптүрлігін көру қабілеттерін арттыру керек.

Емтихандық қойылымды орындаған кезде, талапкер сурет, кескіндеме, композиция әдістерін реңдік және түстік байлығын шынайы көрсету үшін жалпы қағидаларды қолдана білуі керек

Бірінші шығармашылық емтихан (Сурет)

Тақырыбы: Бедерлі гипсті өрнек суреті

Тапсырма: Бір реңді мата үстіне қойылған гипсті розетка суреті

Суретке қойылатын талаптар:

- жазықтықта дұрыс орналастыру

- конструктивті орналастыру, пропорция және көлем

- заттың берілген жазықтықтағы түстік – реңдік байланысын табу;

- материалдық  шешімін табу.

 

Екінші шығармашылық емтихан (Кескіндеме)

Тақырыбы: Бір реңді мата үстіне қойылған түстері айқын, материалдары әртүрлі екі-үш тұрмыстық бұйымнан тұратын натюрморт

Тапсырма: Үш заттан тұратын натюрмортты орындау

Кесіндемелік жұмысқа қойылатын талаптар:

- натюрморттың композициялық шешімін табу

- суретін дұрыс тұрғызу, заттарды дұрыс орналастыру, пропорция және көлемді

   ұстану

- түстік және реңдік қатынастарын көрсету

 

             Шығармашылық емтиханнан 10 немесе одан төмен балл алған талапкер келесі шығармашылық емтиханға жіберілмейді.

             Бір шығармашылық емтиханда 10- нан  25 баллға дейін  алған талапкер тестілеуге жіберіледі.

Шығармашылық емтихандардың нәтижелері бойынша алынған «3», «4», «5» бағаларын қабылдау комиссиясы мынадай шкала бойынша «3» - 10 балл, «4» - 20 балл, «5» - 25 балдарға ауыстырылады.

 

 

Қандай пәндер бойынша қабылдау емтихандар өткізіледі?

Қабылдау емтихандары:

        - жалпы орта (11 сыныптан кейін), мамандық бейіне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік білімі бар оқуға түсушілер  үшін үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі,Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән) өткізіледі;

      - негізгі орта білімі (9 сыныптан кейін) бар оқуға түсушілер – негізгі орта білімнің оқу бағдарламалары көлемінде 2 пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша пән);

        - «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша жалпы орта білім негізінде (11 сыныптан кейін)  екі пән бойынша және шығармашылық емтихан (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы, спорттық көпсайыс); негізгі орта білім негізінде (9 сыныптан кейін)  бір пән бойынша  және шығармашылық емтихан (қазақ немесе орыс тілі,  спорттық көпсайыс);

      - «Дизайн» мамандығы бойынша жалпы орта білім негізінде (11 сыныптан кейін)  екі пән бойынша және екі шығармашылық емтихандар (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және сурет пен акварель); негізгі орта білім негізінде (9 сыныптан кейін)  бір пән бойынша  және екі шығармашылық емтихандар (қазақ немесе орыс тілі және сурет пен акварель);

        - «Музыкалық білім беру» мамандығы бойынша  жалпы орта білім негізінде (11 сыныптан кейін)  екі пән бойынша және шығармашылық емтихан (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және музыкалдық дағдыларын тексеру); негізгі орта білім негізінде (9 сыныптан кейін)  бір пән бойынша  және шығармашылық емтихан (қазақ немесе орыс тілі және музыкалдық дағдыларын тексеру);

        - «Аудармашы ісі» мамандығы бойынша  жалпы орта білім негізінде (11 сыныптан кейін)  үш пән бойынша және әңгімелесу (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы, ағылшын тілі және ағылшын тілінде әңгімелесу); негізгі орта білім негізінде (9 сыныптан кейін)  екі пән бойынша  және әңгімелесу (қазақ немесе орыс тілі, ағылшын тілі  және ағылшын тілінде әңгімелесу).

        Ағымдағы  жылы жалпы орта білімді бітірушілер колледжге түсу кезінде ұлттық бірыңғай  тестілеуге қатысқан сертифакаттарын көрсетулері міндетті емес. Талапкердің таңдауы өз құқығында.

 

         Шығармашылық емтихандар және тестілеудің нәтижелері қандай тәртіп бойынша бағаланады?

         1) тестілеу түрінде тестілеу тапсырмаларының (сұрақтарының) саны әр пәннен 25; дұрыс жауап әр тест тапсырмаларына (сұрақтарына) 1 баллмен есептеледі; үш пәннен тестілеу уақыты - 2 сағат 15 минут, ал екі пәннен 1 сағат 30 минут, тестілеу қорытындысы өткізілген күні жариялануы керек;

         2) шығармашылық пәндер бойынша емтихандардың, тусу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған «3», «4», «5» бағаларын қабылдау комиссиясы мынадай шкала бойынша «3» - 10 балл, «4» - 20 балл, «5» - 25 балдарға ауыстырады.

 

                  Қабылдау емтихандарға (тестілеуге) кімдер жіберілмейді?

 

         «Дене тәрбиесі және спорт», «Дизайн», «Музыкалық білім»  мамандықтары бойынша шығармашылық емтиханнан «қанағаттанарлықсыз» баға алған немесе «Аудармашы ісі» мамандығы бойынша әңгімелесуден өтпеген, себепсіз жағдайлармен келмеген азаматтар тестілеуге жіберілмейді.

 

ЖМУ колледж  білім алушыларлердің құрамына қабылдау конкурсы қай мерзімде және ненің  негізінде жүргізіледі?

      Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім алушыдардың құрамына қабылдау конкурстық негізде:

- күндізгі оқу нысанына 25 тамыздан 30 тамыз аралығында ;

- сырттай оқу нысанына 25 қыркүйектен 30 қыркүйек аралығында жүргізіледі.

ЖМУ колледж  білім алушыларлердің құрамына қабылдау конкурсы:

-  ҰБТ сертификатындағы баллдар;

- колледжде өткізілген тестілеу қорытындысы;

- кешенді тестлеу баллдарының  қорытындысы бойынша жүргізіледі.

 

Оқушылар құрамына кіргізу байқауына кімдер жіберілмейді?

Оқушылар құрамына кіргізу байқауына төмендегі балл жинағандар жіберілмейді:

- негізгі орта білім (9 сыныптан кейін) негізінде тапсырған екі пәннен 20 баллдан кем жинағандар;

- жалпы орта білім ( 11 сыныптан кейін) негізінде тапсырған үш пәннен 30 баллдан кем жинағандар.

 

Тестілеу өткеннен кейін өзіңді ЖМУ колледжіне түстім деп санауға бола ма?

             ЖМУ колледжіне түсу үшін қабылдау комиссиясының белгілі бір процедурасынан өту керек.

             Егер Сіз негізгі мекпептен (9 сынып) кейін куәлік негізінде немесе  жалпы орта мектептен кейін аттестат негізінде, түссеңіз, онда Сіз қабылдау емтихандарын тапсыруға міндеттісіз.

             Егер Сіз ҰБТ сертификат бойынша түссеңіз (бейіндік пәні сәйкес келген жағдайда), онда Сіздің сертификатыныздың баллы өту баллынан төмен болмау керек.

             Ақылы негізінде оқу үшін Сіз 25 тамызға дейін өтініш жазып, келісімшартқа қол қойып, жылдық оқу ақысының 50 пайызын төлеуге міндеттісіз. Тек осы шарттарды сақталған жағдайда ғана Сіз оқуға түсе аласыз.

             Егер Сіз өту балын жинай алмаған жағдайында, техникалық хатшыға қолхатты көрсетіп, құжаттарыңызды қайтып аласыз.

Кіру/Тіркеу

ЖМУ мақтанышы

  • Бауыржанұлы Жігер
  • АМАНЖОЛУЛЫ ГАЗИЗ
  • Айдарханов Аян
  • Ратаев Ардан
  • Бигалиева Асемгуль
  • Ерланов Нұржан
  • Серікболова Сания

Пайдалы сілтемелер

  • image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • Қазақстан тарихы
  • image

Қатысу статистикасы